
2018 жылдың 26 наурызынан бастап Атырау – Франкфурт бағыты бойынша жаңа тұрақты әуе рейсі ашылады. Рейстер Аэробус-321 әуе кемесімен дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Яғни, аптасына екі рет қатынайды. Енді еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары мен қонақтары үшін Еуропаға сапарлап бару бұрынғыдан да қолайлы бола түседі.