ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНЕ МӘСКЕУ МЕН НОВОСИБИРСКТЕН ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ

ЕЛІМІЗДІҢ ӨҢІРЛЕРІНЕ МӘСКЕУ МЕН НОВОСИБИРСКТЕН ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ

2018 жылдың 29 сәуірінен бастап ресейлік тасымалдаушы – «Сибирь» әуе компаниясы ұшу жиілігі аптасына екі рет болатын Мәскеу – Тараз және биылғы 1 маусымнан бастап аптасына екі рет орындалатын Мәскеу – Көкшетау бағыттарындағы жаңа тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр.  Рейстер  Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалады.    Сонымен қатар, 2018 жылдың 30 мамырынан бастап аталған әуе компаниясы  Новосибирск – Павлодар жаңа бағытындағы тұрақты рейстерді ашуды жоспарлаған. Бұл рейстер де аптасына екі рет жоғарыда аталған Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалады.

Фото ашық ақпарат көзінен