
Олардың жартысына жуығы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Көлікті бақылау инспекторлары мен Ішкі істер министрлігі бірігіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде түрлі 1,546 заң бұзушылық анықталып, 1,7 млн. теңгеден астам сомада айыппұл салынды.
Ондағы негізгі заң бұзушылық рейс алдында көлік құралының техникалық, ал жүргізушінің медициналық байқаудан өтпеуі болып отыр. Дәл осындай 260-қа жуық заң бұзушылық тіркелген.
Айта кетейік, «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы 18 ақпанға дейін жалғасады.