ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХРЕГЛАМЕНТТЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХРЕГЛАМЕНТТЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

7 ақпанда ЕЭК алқа отырысы өтті. Оның қорытындылары бойынша 2017 жылдың тамызына дейін пайдалануға енгізілген және Қазақстан Республикасы аумағында пайдаланылатын құрама бөлшектерінің (толымдаушылардың) сәйкестігіне бағалау жасамай  келесі жылжымалы құрамды айналымға шығару мүмкіндігі жөнінде шешім қабылданды. 

- электровоздар KZ4A, KZ4Aс;

- тепловоздар ТЭ33А, 2ТЭ10МК, CKD-6е (ТЭМ KZ), CKD-9;

- рельстік автобустар PESA-630m;

- жолаушы вагондары TSK (215B, 215A, 216A, 223, 224, 218A),Talgo (F031, F061, серии 6);

- арнайы жылжымалы құрам Duomatic 09-32CAT, Duomatic 08-32U, Unimatcompact 08-275/3S-16, DGS-90N, PBR-400 U-RS, PlasserUnimatMF, RM-80 UHR, RM-2002, SMD-80, MFS 60-4, ATLAS, ЕМ-120, USP-2005, USP-2005 SW, MRT-2S, BRAD, LFT.

Осындай қосалқы бөлшектерді сәйкестендіруді Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестендіру бағалымы бойынша бірегей органдар тізіміне кірген мекемелер жасай алады.

Аталған шешімнің мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан таныса аласыздар (№24 7.02.2018 ж.).