
Рұқсаттамалардың жалпы санының 85%-ы www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алынған болса, қалған 15%-ы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына өтініш беру арқылы алынды.
Басқаларына қарағанда рұқсат беру құжаты шет мемлекеттердің аумағы арқылы жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына көп берілген. Яғни, 2016 жылы осындай 23 261 құжат берілсе, биыл оның саны 51 714-ке жетіп отыр.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі мен рұқсат карточкасы 9 333 рет берілген, 2016 жылы ол 5 445 еді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсат құжаты 37 683 рет берілсе, былтыр – 22 482 рет берілді.
1, 6 және 7-класс қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру құжаты 6 160 рет берілді. 2016 жылы ол 4 130 рет берілген.
Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүк тасымалдау үшін рұқсат куәлігі 44 рет берілген.
Еске сала кетейік, қауіпті жүк тасымалдауға арнайы рұқсат беру қызметінен басқа Қазақстандағы барлық қызметтер 2012 жылы автоматтандырылған.
