
«ҚазМетрИн» РМК бас директорының орынбасары Б.Мұхамеджанов және Институттың мемлекеттік эталондарға жауапты қызметкерлері баяндама жасады.
Эталондарда жасалған жұмыстар туралы, республиканың эталондық базасының ағымдағы күйі мен болашақта әрі-қарай эатлондарды дамыту және жақсарту туралы толық ақпарат ұсынылды.
Мемлекеттік эталондарда 2017 жылы 5000-нан астам салыстырып тексеру және калибрлеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні ұлттық эталондық базаның баламалылығы халықаралық деңгейде халықаралық салыстыруларға қатысу арқылы халықаралық деңгейде расталды. 2017 жылы институт ұзындық, масса, қысым, температура және рН шамасы өлшем түрлеріндегі шет елдің мемлекеттік эталондарымен 5 салыстыру тақырыбына институттың мемлекттік эаталондары қатысты. Жалпы алғанда институт 53 халықаралық салғастыруға қатысты, салыстыру нәтежиесі ретінде Өлшем және салмақ халықаралық бюросында эталондардың 65 өлшем және калибрлеу мүмкіндігі жарияланды.
Сауда-саттықтағы техникалық тосқауылдарды азайтуға, шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылату және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін, экономиканың салаларын метрологиялық қамтамасыз ету, елде жүргізілетін өлшемдерге сенімді арттыру мақсатында келешекте Республиканың ұлттық эталондық базасының дамуына және жақсарту мақсатында институт жүйелі жұмыс атқаруда.
Төрағаның тыңдауымен өткен отырыстың нәтижесінде, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» Заңына енгізілген өзгерістерді ескере келе, салалардағы өлшеу құралдарын калибрлеу және эталондарды калибрлеуге Институтты кезеңдік көшіруге дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен салғастыруларға қатысу бойынша, мемлекеттік эталондардың өлшеу мүмкіндіктерін тану және біліктілікті арттыру, бастапқы эталондарына халықаралық дәрежеде калибрлеу қызмет көрсету жұмыстарын күшейту тапсырылды.