
Кездесуге аудан тұрғындары, ұйымдар мен ведомстволардың басшылары, ардагерлер мен саяси партиялардың, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Ғалымжан Дұғалов бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтынын атап өтті. Ол Жолдауда Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тұрақты гүлденген және тәуелсіз мемлекет құруға бағытталған дәйекті саяси бағасын терең және объективті түрде көрсететінін айтты.
Бірінші бағытқа тоқталған комитет төрағасы Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс екенін тілге тек етті. Оның мақсаты жаңа технологияларды пайдалану арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Екінші бағыт - Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Бұл сондай-ақ ақпараттық технологияларды енгізуді талап етеді. Олар өндірілетін қорлардың үлесін, оларды терең өңдеуді арттырады және энергия тиімділігі мен экологиялық таза өндіріс деңгейін арттырады. Үшінші бағыт – «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Мұндағы мақсат - агроөнеркәсіптік кешеннің сапалы өнім шығаруын қамтамасыз ету. Төртінші бағыт бойынша Ғалымжан Дұғалов көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отырғанын айтты. Оның мақсаты Қазақстанның транзиттік әлеуетін толығымен іске асыру, тауарларды интернетте қадағалау үшін цифрлы технологияларды кеңінен енгізу, кедендік операцияларды жеңілдету, трафик ағынын басқаруға арналған зияткерлік көлік жүйесін енгізу болып табылады. Жолдаудың бесінші бағыты құрылыс пен инженерлік коммуникацияларда заманауи технологияларды пайдалану. Комитет төрағасы құрылыс салудың жаңа әдістерін, ғимараттардың энергетикалық тиімділігіне, интеллектуалдық инфрақұрылымды басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды арттыру қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартады деп атап өтті. Бұдан бөлек, тұрғындарға қаржы секторы, адами капиталды жаңғырту, білім беру сапасы, денсаулық сақтау, тиімді мемлекеттік басқару, заң үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ «Smart City» технологияларын енгізу мәселелері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Ғалымжан Дұғалов жинға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және Жолдауды жүзеге асыру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізілді.


