
Аталған холдингтер ірі трансұлттық компаниялар болып саналады. Олардың жылдық айналымы шамамен 150 млрд. АҚШ долларын құрайды. Түркия бизнесмендері өздерінің өндірістік күштері мен ЕАЭО елдері мен ҚХР өткізу нарықтарын кеңейту үшін Қазақстан аумағында инвестжобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
Мысалы, «KOÇ Holding» Қызылорда облысында қызанақ және консервіленген өнім өндіру туралы келісімге қол жеткізілді. Компания сұйытылған мұнай газын өндіру жобасына да қатысуға қызығушылық білдірді.
«YILDIRIM Holding» «Казгеология» АҚ-мен бірлесіп 10 млн. АҚШ долларына қатты пайдалы қазбаларды барлау жобасын іске асыруды, сондай-ақ Жамбыл облысында кальцинирленген соданы өндіруді бастайды. Инвестициялар сомасы 220 млн. АҚШ долл. құрайды.
«Yildizlar SSS Holding» келісім бойынша бірінші жартыжылдықта үш жобаны іске асыруды бастайды: Қызылорда облысында «Байқоңыр» АӨК бірлесіп 50 млн. АҚШ долл. 138 мегаватт күшке ие газ-поршнды электр стансасын салу, 128 млн. АҚШ долл.10 млн. кв. метр күшке ие керамикалық плита өндіру, сондай-ақ 10 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестициялық сомаға Шығыс Қазақстан облысында қатты пайдалы қазбаларды барлау жобасын іске асырады.
«KIBAR Holding» Маңғыстау облысында сэндвич-панельдер жасау жобасына қатысуға шешім қабылдады.
«Dal holding» Жамбыл облысында барит кені мен концентраттарын игеріп өңдеу жобасына қатысуға шешім қабылдады.
Сондай-ақ осы күндері Анкара қаласында Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Түркия Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының (MUSIAD) мүшелерімен инвестициялық форум болды. Аталған ұйымның Түркия мен шетелдерде іскерлік желісі бар. Оның мүшелерінің жалпы саны 11 мыңнан асады.
Форумда «Kazakh Invest» тарапынан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, шетел инвесторларына арналған жеңілдіктер ретінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.
MUSIAD жетекшісі Илхан Ердал Түркия бизнесі Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс құруға мүдделлі екенін атап кетті. Биыл наурыз айында нарықты зерттеп, іскерлік серіктестермен кездесу үшін тағам өнеркәсібі саласындағы 15 ірі компанияның өкілдері Қазақстанға келетін болды.