ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛАУШЫ ВАГОНДАРЫНЫҢ ТАЛАПҚА САЙ БОЛМАҒАН ҮШІН ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ІРІ КӨЛЕМДЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛАУШЫ ВАГОНДАРЫНЫҢ ТАЛАПҚА САЙ БОЛМАҒАН ҮШІН ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ІРІ КӨЛЕМДЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Астана-Жезқазған және Жезқазған-Қызылорда пойыздарын тексеру кезінде ұлттық стандарт талаптары орындалмаған 15 және 5 факті анықталған. Атап айтқанда вагон сыртының талапқа сай болмауы, терезелердің герметикалығын сақтамау, қызмет көрсетулеріне қатысты ескертулер мен тағы басқа да мәселелер. Электронды билет сату сайтында «Анар» станциясы жоқ. Ол жолаушыларды отырғызу мен түсіру жағдайларын бұзу болып табылады.

Тексеру нәтижесі бойынша "Марал-Нур" ЖШС-не 1,5 млн теңге сомасында айппұл салынады. Тексеру актілері тасымалдаушыларға заң бұзушылықтарды жою үшін жіберіледі.

Келісім талаптарын орындау аясында компания 2017 жылы 5 жаңа жолаушылар вагонын сатып алды. Олардың 4-і қазір Астана-Жезқазған және 1-і Жезқазған – Қызылорда бағытында жүреді.

Қазіргі уақытта басқа да тасымалдаушылардың вагондарында комиссиялық тексеру жүргізілуде.

Сурет ашық ақпарат көзінен алынды