ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА НАҚТЫ ЕЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖОЛНҰСҚАСЫ ҚҰРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА НАҚТЫ ЕЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖОЛНҰСҚАСЫ ҚҰРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

С.Тұяқбаев шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 47,8 млрд. болатын 145 жобаның тізімі жасалғанын хабарлады. Бұл жобалар іске асқанда 35 мың жұмыс орны ашылады.

2018 жылы әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп 1,6 млрд.АҚШ доллары сомасына 15 жобаның құрылысын бастау жоспарлануда және $3 млрд. сомаға 23 жоба пайдалануға берілетін болады. Қазақстан өңірлерін қосқанда іске қосылуы жоспарланған инвестициялық жобалардың көбі келесі өңірлерге тиесілі: Алматы облысына - 5 жоба ($179 млн.), ОҚО - 5 жоба ($1,9 млрд.), Алматы қаласы – 5 жоба ($187 млн.), Астана қаласы - 2 жоба ($244 млн.) және Қостанай облысына - 2 жоба ($14 млн.).

Бұдан бөлек, биыл $16,4 млрд соманың ірі 17 жобасын іске асыру үшін инвестор тарту жоспарланған.

«Инвесторларды тарту үшін бүгінгі таңда Deloitte компаниясымен бірлесіп 50 жоба дайындалды. Инвестициялық ұсыныстар халықаралық стандарттарға сәйкеседі және қазірден бастап жұмысқа алынды. Биыл «Үлкен төрттіктен» халықаралық деңгейдегі консультанттарды қатыстырып, жаңа инвестициялық жобаларды дайындаймыз», - деді С.Тұяқбаев.

Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру аясында әр инвестормен жеке жұмыс істеу жолға қойылады. 2018 жылғы сәуір айында әр басым ел немесе елдер тобы үшін «Елдік стратегия» немесе нақты елмен жұмыс істеуге қатысты нұсқама құрылатын болады. Бұдан бөлек, осы бағыттағы жаңашылдық Ирландия, Испания, Нидерланды, Италия, РФ және т.б. сияқты елдерден инвестиция тартумен айналысатын компанияларды (Multiplier) қатыстыру болып отыр.

«Біз сонымен бірге шетел инвесторлары үшін жайлы жағдайды қамтамасыз етуге күш жұмсаймыз. Инвесторлардың проблемалық мәселелеріне «алдын ала назар аудару» жүйесі енгізіледі. Бұл «инвестициялық омбудсмен» институтын нығайту. Сондай-ақ 2018 жылғы мамыр айында Қазақстанда болған кездерінде инвесторларға көмек көрсетуге арналған «Call-center» іске қосылады»,-деп атап өтті «KazakhInvest» басшысы.

Биыл маусым айында Invest.gov.kz сайтында инвесторлармен жұмыс істейтін ақпараттық-мониторингілеу жүйесі (CRM) іске қосылады. Әр инвестор CRM жүйесіне қол жеткізе алады. Осы үлгімен уәкілетті органдар инвестициялардың тартылу процесін, инвест жобалардың іске асырылуын тексеріп қана қоймай, проблемалық учаскелерді анықтап, олардың туындай себептерін жылдам жоюға мүмкіндік алады. Бұл жүйе инвестормен жылдам кері байланыс жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Анықтамалық: Ұлттық инвестициялық стратегия шеңберінде «KazakhInvest» Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан трансұлттық компаниялар және ірі шетел инвесторлармен жалғыз келісімге келуші компания болып табылады. Ұлттық стратегияда шетел инвестицияларын тарту үшін басым салалар анықталған (АӨК, машина жасау, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, кен-металлургия кешені, сауда) және үлестеріне әлемде 80 % инвестиция келетін 11 басымдыққа ие елдер анықталған (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ). 2022 жылға қарай ПИИ жаппай өсімі 1,26 есе артуы жоспарланып отыр, жаппай ПИИ көлемінің 2022 жылға қарай ЖІӨ қатынасы 19% дейін артады; Тиімділікті арттыруға бейімделген ПИИ1,5 есе артады; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 1,46 есе ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есе ұлғаяды.