АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ 6,9 МЫҢ ҮЙДЕ АЯҚТАЛДЫ

АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ 6,9 МЫҢ ҮЙДЕ АЯҚТАЛДЫ

Арыс қаласында барлығы 9 мың құрылысшы еңбек етуде, оның ішінде 7 мыңы қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалғандары әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыртуда.  

17 сектордағы барлық құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр. Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, әскери полигондағы жарылыстардан зардап шеккен бірде-бір үй қалпына келтірілмей қалмайды.