
"Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері! Шын жүректен сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздер бүгінде еліміздегі халықтың барлық топтарын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды тұрғын үй бағдарламаларын іске асырып келесіздер. Қазақстанда құрылысшылар жыл басынан бері 5,7 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді. 2019 жылы барлығы 118 мың тұрғын үй немесе 13 млн.шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда", - деді Роман Скляр өз құттықтауында.
Министр сондай-ақ, ИИДМ атынан жыл сайын Қазақстанның құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан еліміздегі 600-ге жуық мамандардың құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және төс белгілермен марапатталғанын атап өтті. Әскери полигонда оқ-дәрі жарылысынан зардап шеккен Арыс қаласы мен Түркістанды қалпына келтіруші құрылысшылардың қажырлы еңбегі еленбей қалмады.
Роман Скляр құрылыс саласының барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас қуат және жұмыстарында үлкен табыстар тіледі.