
Құрамында ҚР ИИДМ АЖК төрағасы Сайранбек Бармақов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Ұлан Әліпов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысы филиалының директоры Жанабай Қобландин, Жол активтері сапасы орталығы РМК Алматы облысы филиалының басшысы Алдан Нагманов бар жұмыс тобы жол құрылысының барысымен танысып қана қоймай, жұмыскерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Құрметті жолшы» төс белгісімен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысы филиалының бас мамандары Рысбек Жұмаділов пен Әшімхан Думбергенов марапатталды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы атынан құрмет грамотасына жоба директоры Ву Сяодун, жоба директорының орынбасары Ян БО, жобаның бас инженерлері Жорабек Құрманалиев пен Құрметхан Жидебаев ие болды.
Еске салайық, жол учаскесінің Алматы облысы бойынша ұзындығы 449 шақырымды құрайды. Жоба 2017 және 2022 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Жалпылай алғанда 449 шақырымдық жолдағы қозғалыс 2022 жылы ашылады деп жоспарлануда.
Бүгінгі таңда жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Құрылыс консорциумы мердігер компания болып табылады: «ТОДИНИ Централ Азия» 1073-880 км, «СИТИК» 615-685 км, «К-Дортстрой» 685-880 км.


