
«Аградор» ЖШС директоры Наталья Мальчушкина, «ДСП Тастемир» ЖШС басшысы Маратхан Жумал, «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Қарағанды облысы филиалының бас маманы Римма Насырова «Құрметті жолшы» атағына ие болса, «ҚазАвтожол»ҰК» АҚ Қарағанды облысы филиалы бөлімінің басшысы Ақмарал Хасеговаға министрдің Құрмет грамотасы тапсырылды.
Сонымен қатар, салтанатты шараға ҚР ИИДМ АЖК төрағасының орынбасары Амангелді Беков, «ҚазАвтожол»ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов пен «Жол активтері сапасы орталығы» РМК Қарағанды облысы филиалының директоры Марат Ахметқалиев қатысты.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қарағанды облысында «Қарағанды- Теміртау» және «Алматы-Нұр-Сұлтан» учаскелерінде кең-ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жолдардың жалпы ұзындығы 580 шақырымды құрайды. Учаскелерде 9 бас мердігер ұйым, 30-ға тарта субмердігерлік ұйым, 5 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Техниканың 3 мыңға жуық бірлігі жұмылдырылған.
Келісілген міндеттемелердің талаптарына сәйкес жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.



