
Нәтижесінде ҚР Ұлтық стандарт талаптары орындалмаған 32 факті анықталған: вагон сыртының талапқа сай болмауы, терезелердің герметикалығын сақтамау, жолаушылар пойызында қызмет көрсету және т.б. Бұдан бөлек, жолаушылар бірқатар вагондардың салқын екенін айтып шағымданған.
Тексеру қорытындылары бойынша «Түрксіб Астана» ЖШС-не 1,9 млн. теңгеден астам айыппұл салу жоспарланып отыр.
Келісімге сәйкес тексеру актілері анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданып, бұдан былай кемшіліктерге жол бермеу үшін тасымалдаушыға жіберіледі.
Комиссиялық тексеріс әрі қарай жалғасуда.
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды