
Қатысушылар 105-отырыстың түйінді құжаты - ISO 2017 – 2020 IT Стратегиясын талқылады, оның шеңберінде стандарттау бойынша жұмысты процестерді сандық нысанға ауыстыру мен оңтайландыру бойынша бірқатар іс-шаралар қарастырылған.
Қазақстанда цифрландыру саласындағы ағымдағы жағдай туралы ТРМК төрағасы айтып кетті. – Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты Стандарттау жоспары мен Е-ТК порталын қалыптастыру бойынша бизнес-процестерді автиоматтандыруды жүргізіп жатыр. Аталған жұмыс стандарттар әзірлеуге арналған өтінімдерді ресімдеу қарапайымдылығы мен қол жеткізімділігін қамтамасыз ету, стандарттау жоспарын құру процестерін кешенді басқару және мониторинг жүргізу, сондай-ақ заманауи сандық нысанда техникалық комитеттердің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ халықаралық стандарттар жобалары бойынша келісу және дауыс беру процедурасына техникалық комитеттердің қатысуын белсендіру талқыланды.
Өздеріңізге белгілі, «Стандарттау туралы» ҚР заң жобасында маңызды роль «мемлекет-бизнес-тұтынушы» қағидаты бойынша ұлттық стандарттарды техникалық талқылау бойынша диалогтық алаң ретінде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге берілген.
- Негізгі міндет қазақстандық өнімдердің үшінші елдерге жеткізілуін жеңілдету, сондай-ақ мамандарды халықаралық стандарттау қағидаттарына оқыту үшін халықаралық стандарттарға салынатын техникалық нормаларға әсер ету мақсатында қазақстандық ТК ISO/ТК жұмысына белсенді қатысуы болып табылады, - деп халықаралық стандарттау процесіне қатысу қажеттігін Комитет басшысы белгілеп кетті.
Қорытындылай келе, қатысушылар Кеңес мүшелерінің екі тарапты қол жеткізген келісімдері мен Қазақстанның аталған бағыттарды дамыту бойынша әрі қарайғы іс-қимылдары туралы хабардар болды.
Анықтамалық: 2018 жылғы 28 ақпаннан 1 наурыз аралығында қазақстандық делегация ISO Кеңесінің мүшесі ретінде ISO Кеңесінің 105-отырысына қатысты, оның барысында 2018 жылға арналған стратегияны іске асыру жоспары; ISO мүшелерінің өңірлік қатысуының жетекші қағидаттары; басқа ұйымдармен техникалық ынтымақтастық қағидаттары талқыланғанын естеріңізге саламыз.