
Кездесу барысында Йорг Хетч болашақ өкілдік басшысы Роберт Брайтнерді Ерлан Хаировпен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстан-Германия ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Кездесу соңында Ерлан Хаиров жемісті еңбегі үшін Йорг Хетчке алғысын білдіріп, екі елдің дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапаттады.
Анықтама:
2005 жылдан бастап 2017 жылдың 9 ай аралығында:
Германиядан Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей инвестицияның жалпы ағыны 4,2 млрд. АҚШ долл. құрады;
Қазақстаннан Германия экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 233,1 млн. АҚШ доллар құрады.
2018 жылдың 1-наурызындағы жағдай бойынша Қазақстанда Германияның шамамен 1 000-ға жуық заңды тұлғалары, филиалдаыр мен өкілдіктері жұмыс істейді.