ИННОВАЦИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

ИННОВАЦИЯНЫ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Оған Білім және ғылым министрлігінің, жалпы орта және қосымша,  техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарының, ғылыми институттардың, бизнес инкубаторлар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Технологиялық және инновациялық даму департаменті Технологиялық даму ұлттық агенттігі АҚ-мен бірлесіп дөңгедек үстел отырысына қатысушыларға білім беру, өндіріс және басқарушылық инновациялардың түрлерін дамытуға және жүзеге асыруға ниетті мектеп оқушыларынан бастап, инновациялық жүйенің барлық субъектілеріне қандай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетінін айтып берді.

Кездесу барысында инновациялық гранттар, бизнес-инкубаторлар арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновациялық қызметті қолдауға бағытталған алдағы іс-шараларды таныстырды. Олар: Ұлттық инновациялық конкурс, Инновациялық конгресс, 2018 жылы Minex Central Asia 9 ұлттық  тау-кен өнеркәсібі форумы аясында «Тау-кен өнеркәсібі 4.0: Білім - Ғылым - Бизнес» дөңгелек үстелі, Maintech университеттері мен кәсіпорындарының конкурсы, Астана экономикалық форумының icostartup.kz халықаралық бағдарламасы аясында  Startup конференциясы.

Білім беру, ғылыми, іскерлік орта өкілдерінен инновациялық белсенділікті арттыру үшін Инвестициялар және даму министрлігі жүргізіп отырған тиісті мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұсыныстар мен тәжірибелік ұсынымдар тыңдалды.