
Сынаулар барысында, дірілдеткіш машинаның көмегімен ғимараттың фрагменті кернеулік күйге енгізілді және 9-баллдық жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық әсермен салыстыруға болатын динамикалық жүктемені өткерді.
«Біздің міндетіміз құрылыс конструкцияларын қирауға дейін жеткізу болған жоқ, алайда осы панельдерге түскен жүктемелер шынайы 9-баллдық жер сілкінісі кезінде болатын жүктемелерден асып түсті. Динамикалық жүктемеден басқа, жер сілкінісі кезінде байқауға болатын қабаттардың горизонталды көлбеуленуі пайда болады. Осылайша, ұқсас вибродинамикалық сынаулар тексеруден сәтті өткен құрылыс материалдарын кез-келген биіктіктегі ғимараттарға қолдануға болатынына кепілдік береді»,- деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Көпқабаттылық зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Игорь Ицков.
Өз кезегінде, SAPATEK Алматы үй құрылысы комбинатының техникалық директоры Сергей Чуднов бұл конструкциялар қайда қолданылатынын айтып берді.
«ҚазҚСҒЗИ-мен біз көптен бері серіктеспіз. Өткен жылы біздің аспалы қабырғалық панельдерімізді сынадық, осы жылы кіріктірілген қабырғалық панельдерді сынадық. Бұл конструкциялар көп қабатты тұрғын ғимараттары үшін сыртқы конструкцияларды қоршайтын құрылыста пайдаланылады»,-деді С.Чуднов.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ - Қазақстанның, оның ішінде инженерлік-геологиялық жағдайлары аса күрделі аудандардың және сейсмикалық қауіпті өңірлердің құрылысын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылы 7-қыркүйекте құрылды. Қазақстанның құрылыс нарығында 87 жылдық тәжірибесі бар.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.
SAPATEK Алматы үй құрылысы комбинатының негізі 2007 жылы қаланған және метал конструкцияларын және авторлық өнім - sapatek* панельдерін өндіру бойынша Алматы қаласында өзінің зауыты бар. Sapatek осы саладағы әлемдік көшбасшы framecad-пен серіктес және Қазақстанға металл конструкцияларымен жұмыс істеудің инновациялық технологиясын алғашқылардың бірі болып алып келді.