2017 ЖЫЛЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛТЫН, МЫС ЖӘНЕ ПОЛИМЕТАЛДАРДЫҢ БОЛЖАМДЫ РЕСУРСТАРЫ АРТТЫ

2017 ЖЫЛЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛТЫН, МЫС ЖӘНЕ ПОЛИМЕТАЛДАРДЫҢ БОЛЖАМДЫ РЕСУРСТАРЫ АРТТЫ

А.Надырбаевтың айтуынша, 2017 жылы 2014-2018 жылдарға арналған ҚР ИДМ Стратегиялық жоспарына сәйкес атқарылған Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары және Ұлытау ауданындағы жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша іс-шараларды ескере отырып, кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында көзделген және 2020 жылға дейін аудандарды дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы барлық бағыттар бойынша,соның ішінде жаңа технологияларды қолдана отырып, моноқалалар маңында геологиялық зерттеулер, өңірлік геологиялық-түсірілім жұмыстары, iздеу, iздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.

Өңіраралық геологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша 1:200000 масштабты кешендік заманауи карта құрастырылды және жаңа перспективалық алаңдар, учаскелер анықталып, одан әрі толық геологиялық зерттеулер жүргізуге ұсыныстар берілді.

Іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарының қорытындысы бойынша жаңа кен объектілері анықталды және алтынның – 1,5 мың.тонна, мыстың – 28,2 млн. тонна, полиметаллдың – 22,6 млн.тонна болжамды ресурстары белгілі болды.

Қарағанды көмір бассейнінің метандылығын геологиялық зерттеу нәтижесінде 7 перспективалы учаскеде көмір қаттарындағы метанды іздеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Метанның 14 млрд. м3 мөлшерінде болжамды ресурсы есептелді.

Әлемдік нарықтың заманауи үрдісін ескеріп, сирек кездесетін және сирекжерлік металдарға, әсіресе, литийге деген сұраныстың артуына байланысты аталмыш шикізатты барлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2015-2017 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен, Шығыс-Қазақстан облысындағы Ахмир учаскесінде сирек кездесетін металдарды іздеу-бағалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс нәтижесі бойынша қалайы мен литийдің болжамды ресурстары бағаланды. Жүргізілген техникалық-экономикалық есептер бойынша Жаңа-Ахмир ең перспективалы кен көрінісі болып табылады.

Қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың бірі – «Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі» жобасын іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаның мақсаты – жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту үшін жер қойнауы туралы ақпаратты қолжетімді етуге және сақтауға, сондай-ақ ел аумағының геологиялық зерттелуін арттыруға арналған ақпараттық жүйені құру. 

Ғ.Нұржанов 2018 жылы «Қазгеология» компаниясының геологиялық барлау жұмыстарының географиясы кеңейтіліп, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында геологиялық барлау жұмыстары басталғанын хабарлады.

«Біздің жұмысымыздың басты мақсаты аймақтағы минералды-шикізат базасына тәуелді моноқалаларды іздеуге бағытталған. Сондықтан біз Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалаларының аудандарында Үшшоқы, Сегізбай көл, Терісаққан, Қайыңды сияқты төрт жоба бойынша алтын-мыс-полиметал іздеу жұмыстарын бастадық. Алынған нәтижелер қала құраушы кәсіпорындардың дамуына серпін береді », - деді Ғ.Нұржанов.

Хромтау қаласының маңындағы Оңтүстік Кемпірсай учаскесінде Қазхроммен бірге бұрғылау және камералдық жұмыстар жалғасуда, ал аяқталуы 2021 жылға жоспарланған. 2017 жылы 21 мың метр бұрғыланды.

«Қазгеология» компаниясы «Air Core» құрғақ бұрғылау технологиясын қолдана отырып, Австралияның «Iluka Rersources» компаниясымен әріптестігін жалғастыруда. «Air Core» бұрғылауының өнімділігі жоғары (орташа 20-25 минут 20-25 минут) және шығындары төмен және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді.

Бұл технология өткен жылы Солтүстік Қазақстандағы титан-цирконий кен орындарын іздестіру үшін қолданылған. Бұл елдегі жаңа бағыт. Ұзақ мерзімді перспективада австралиялық Iluka Rersources жобасының инвесторы 400 миллион долларға жуық сомаға ірі зауыт салуды жоспарлап отыр. Оның өнімдері Қытай мен Еуропаның нарықтарына бағытталады.  

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері Қазгеология 16 ірі кен өңірлерінде сирек кездесетін металдарды геологиялық зерттеуге кірісті. Барлық өндірістік жұмыстарды компания жүргізді, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің геологтары далалық және камералдық жұмыстарға тартылды.

Биыл компания барлық далалық жұмыстарды аяқтап, Қазақстандағы 16 негізгі сирек-жер кен орындарына геологиялық барлау салалары бойынша болжамдық ресурстар мен ұсыныстарды анықтау жөнінде есеп жасалады.

Сондай-ақ, биыл «Қазгеология» жалпы сомасы 1 млрд. 104 млн. теңгені құрайтын 14 нысанда мемлекеттік тапсырма бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Геологиялық барлау жұмыстары 4 учаскеде жалғасады.