
Қатысушылар көлікті бақылау инспекциясының қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын талқылады. Соның ішінде Астана қаласының қызметкерлері де бар.
Соңғы екі жылда Комитеттің лауазымды тұлғаларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа байланысты 28 эпизод болды. Үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Астана қаласы инспекциясының басшысы бар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында Агенттік өкілдері иснпекторлардың жұмысына қатысты бірқатар ұсыныс берді.
Осылай, көліктік бақылау процедураларының барлық кезеңдерін қатаң регламенттеу; барлық жүріп өтетін автомобиль құралдарының жасаған заң бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейтін электрондық жүйелердің жұмысын жетілдіру; инспекциялардың басқа да бақылаушы органдармен тығыз өзара іс-қимылдарын нығайту; тасымалдушыларды тиісті мақсаттарға жауап беретін көлік құралдарына көшуге ынталандыру ұсынылды.
ҚР ИДМ Көлік комитетінің басшысы Әсет Асавбаев инспекторлардың жұмысын қайта қарау жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты.
«Қазір біз жұмыс істеп тұрған автоматты өлшеу құралдарын жетілдіріп жатырмыз. Ол қозғалыстағы автомобиль құралының мемлекеттік нөмірін оқиды, сол нөмір бойынша инспекторға автомобиль құралының техникалық байқауы, рұқсаттама құжаттары мен айыппұлдары туралы ақпарат түседі. Тек қана заң бұзушылық айқындалған жағдайда инспектор автокөлікті тоқтатуға құқылы. Бұл шара инспектор мен жүргізуші арасындағы тікелей байланысты төмендетеді және тасымалдаушылар негіззсіз тоқтатылмайды»,-деді комитет басшысы.
Әсет Асавбаев Көлік комитеті сыбайлас жемқорлықпен күресте және оның алдын ала алу шаралары барысында Агенттікпен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.