
Шетелдік инвестор «Агробэст Груп» түрік холдингі Қазақстанда гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, дәндерді улағыштар мен глифосатты шығаруға 30 млн. АҚШ долларын салады.
«Kazakh Invest» осы жобаны жүзеге асыру үшін қажетті барлық рұқсаттар мен мемлекеттік қолдау шараларын алуда ықпал етеді. Осыған орай, «Kazakh Invest» өңірлік өкілдігінің қолдауымен Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан «Қайрат» индустриалды аймақта осы жобаны іске асыруға жер телімі таңдалды.
Жобалау жұмыстарына инвестор таяу арада кірісуді жоспарлап отыр. Зауыттың құрылысы ағымдағы жылдың аяғында басталып, 2019 жылы аяқталады.
Өнімнің 60% пайыздан астамы ішкі нарықты қамтып, қалған бөлігі Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерге экспортталмақ.
Салынып жатқан зауыттың жалпы қуаты жылына 12 мың тоннаға дейін пестицидтердің өндірісін құрайтын болады. Аймақта шамамен 200 жұмыс орны құрылады.
«АгроБест Груп» түрік компаниясының негізі 2002 жылы қаланды және ол пестицидтердің әлемдік нарығының маңызды қатысушысы болып табылады. Өндірістің жылдық көлемі 35000 тонна пестицид болып табылады, өнім ISO талаптарына сәйкес шығарылады. «АгроБест Груп» өнімі Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Судан, Сирия және т.б. өсімдіктерін қорғайтын химиялық құралдар нарығында ұсынылған.
