
Сапар барысында Қарағанды облысы Әкімінің инвестициялар жөніндегі орынбасары Алмас Айдаров АЭА «Сарыарқа»-ның дамыту перспективаларын таныстырды. Сонымен қатар комитет Төрағасы АЭА-ның қатысушы компанияларының басқарушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде компания мамандары өз кезегімен жобалардың ағымдағы күй-жағдайларын түсіндіріп, талқылап берді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы тапсырмасына сәйкес, ҚР ИДМ АЭА басшыларымен олардың жұмысын одан әрі жетілдіру үшін тыңдау өткізді. Сонымен бірге ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті әкімшілік реттеу жетілдіруде.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» заң жобасы әзірленді. Ол жүйелік мәселелер мен заңнамалық кемшіліктерді шешуге және АЭА мен ИА-дағы бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған.
Құны 3,4 млрд. теңге құрайтын, ЖШС «Recycling Company» (автомобильдерді қайта өңдеу зауыты) кәсіпорында пайдаланудан шығарылған көлік құралдарының қалдықтардынан жасалатын шойын, болат, алюминий, түсті металдары көрсетілді. Бұл жоба арқасында 70 жаңа жұмыс орны ашылды.
Келесі болып, 27,3 млрд теңгені құрайтын, 164 жаңа жұмыс орнын ашқан маңызы зор жобаларының бірі, жезден жасалатын бұйымдардың өндірісі ЖШС «Still Manufacturing» және 1 млрд теңгені құрайтын, 34 жаңа жұмыс орнын ашқан отқа төзімді материалдарды өндіруге арналған зауыт «Seven refractories» болды.
Сонымен қатар, «Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытының жұмысы (ҚҚМЗ) таныстырылды. Бұл жобаның құны 13,7 млрд. теңгені құрайды, оның 10 млрд. теңгесі «БРК-Лизинг» АҚ-ның қатысуымен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы лизингтік қаржыландыру құралы үшін қаржыландырылды. Жоба 99 жаңа жұмыс орнын құрды. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің негізгі түрі тау-кен техникасын өндіру және жөндеу болып табылады. «Қазіргі уақытта біз модернизацияны аяқтадық, бірақ бұл тек бірінші ғана, зауытты дамыту және дамыту жолында алғашқы қадам. Жабдық жинақталған және пайдалануға дайын, енді оны игеру және оны мүмкіндігінше тиімді пайдалану қажет », - деп «Maker» ЖШС атқарушы директоры Александр Николаевич Нарежнев бөлісті.
Комитет Төрағасының жұмыс сапары Қарағанды қаласындағы Аймақтық Кәсіпкерлер палатасына барумен жалғасты. Бұнда 2017 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Палата кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға арналған. (http://atameken.kz/)
Инспекциялық сапар барысында Е. Хаиров 7,3 млрд. тенге тұратын «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС зауытының жұмысын тексерді. Зауыт толығымен Қазақстан үшін бірегей өндіріс технологиясы бар озық жабдықтарды пайдаланады.
Сондай-ақ, комитет Төрағасы, «Хуа Тун (Орталық Азия) Кабельдің құрылысы» ЖШС алаңын тексеріп, онда өндірістің жоспарлары ұсынылды. Бұл зауыт 248 жаңа жұмыс орнын ашты.
Анықтама:
- АЭА «Сарыарқа» Президент жарлығы бойынша, 2011 жылдың қараша айында құрылды.
- АЭА-ның жалпы жобалар үшін пайдалы алаңы 400 га құрайды, қатысушыларға 244 гектар бөлінеді, бұл 61% -ды құрайды.
- Негізгі инфрақұрылым нысандарының құрылысы 2014 жылы аяқталды, оған 25,2 млрд. теңге бөлінді.
- Қарағанды облысының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 44,1 млрд. теңгені құрайды.
- Пайда болған жұмыс орындары: 653
Қосымша:
- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 3 202 қызмет, 7 446 клиентке 27 937 кеңес берілді, 8,5 млрд теңгені құраған 1 551 жоба орындалды, сондай-ақ, 1 150 кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге жәрдемдесу берілді, 1600-ден астам жұмыс орны ашылды.
- «Пайдаланудан шығарылған көлік құралдарының қалдықтардынан шойын, болат, алюминий, түсті металдар жасалатын» жобасы өткен жылдың 6 желтоқсанында Елбасының қатысуымен өткен Ұлттық телекөпір аясында іске қосылды.


