2018 ЖЫЛЫ ҚҰНЫ 6,5 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫНАН АСАТЫН 300 ЖОБАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

2018 ЖЫЛЫ ҚҰНЫ 6,5 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫНАН АСАТЫН 300 ЖОБАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

«Өндірістің негізгі капиталына құйылған инвестиция 84,4%-ға өскен (850,9 млрд. теңгені құрап, +432 млрд. теңгеге өскен), сонымен бірге тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі капиталға құйылған инвестицияның 94,5%-ға артқаны белгілі болды (589 млрд. теңгені құрап, +313,5 млрд. теңгеге өскен), өңдеу саласына тартылған инвестиция көлемі 72% артқан (221,4млрд. теңгені құрап, +104,3 млрд. теңгеге өскен). 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында сыртқы инвестиция 160,3 млрд теңгеге артып, 361,5 млрд теңгені құрады» деді Арыстан Қабыкенов.

Жоспарланған жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуін қамтамасыз етудің басты мақсатына қол жеткізу үшін 2025 жылға дейінгі (2018 жылы - 4 +%) мақсатты көрсеткіштер белгіленді. 2018 жылы республикалық деңгейдегі негізгі капиталға құйылатын қажетті инвестицияның өсу қарқыны - 5,1%. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін инвестиция тарту және инвестициялық климатты жақсарту жұмыстары жандандырылып жатыр.

«Қазіргі уақытта министрлік «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2018-2020 жылдарға арналған 658 инвестициялық жобаның (59,2 млрд. АҚШ доллары) негізгі тізбесін құрды. Бұл тізімге шетелдіктердің қатысуымен 140 жоба (43,8 млрд. АҚШ доллары) және отандық инвесторлардың (Қазақстан) қатысуымен 518 жоба (15,4 млрд. АҚШ доллары) енді. Биыл жалпы құны 6,5 млрд. АҚШ долларынан асатын 298 жобаны іске қосу, сондай-ақ жалпы құны 11 млрд. АҚШ долларын құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын (199 жоба) іске қосу жоспарланып отыр» - деді вице-министр.

Елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірленді. Бүгінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізілген елдердің саны 61-ге көбейді, сондай-ақ, 2018 жылдың соңына қарай Астана мен Алматы әуежайлары арқылы өтетін қытайлық азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз режім енгізілді. Қазіргі уақытта Үндістан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу мәселесі қаралуда.

«Бүгінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерді жасау жұмыстары жетілдірілді. Мемлекет басшысының БАӘ-ге жасаған сапарынан кейін Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Қазір осы мақсатта 20-дан астам елмен келісімдер жобасы әзірленуде», - деді Арыстан Қабыкенов.

Биыл елімізде инвестициялық климатты одан әрі жетілдіру үшін заңнамалық пакет қабылданады.

Фото мұрағаттан алынды