
Алдыға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін жылдам өзгерістерге қарамастан негізгі блок жүйелерін бір платформаға біріктіретін - техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау «Е-ТРМК» Бірыңғай электрондық жүйесіндегі қолда бар дерекқорларды цифрлық түрде өзгерту қажет.
Өздеріңізге мәлім, «Стандарттау туралы» заң жобасы кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде екінші оқылымға дайындалуда. Жаңа заңда процестерге автоматтандыруды жүргізудің заңнамалық негізі қарастырылған.
Заң жобасын Парламент Мәжілісінде қарау барысында 2017 жылы қараша айында техникалық реттеу саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастыратын, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға шығару үшін, атап айтқанда, заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын күшейту, депутаттардан әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне бірқатар түзетулер түсті.
Сонымен биыл I кезеңде «стандарттау жоспарын қалыптастыру және «Е-ТК» порталы» екі процесті автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Стандарттау жоспарын қалыптастыру тек қана электрондық форматта жүргізіледі.
Сонымен қатар Шоғырландырылған пікір қалыптастыру, сондай-ақ кең ауқымды қамту және жүйенің қатысушыларын тарту мақсатында әлемнің кез-келген нүктесінен интернетке қол жеткізе алатын стандарт жобаларын талқылау бойынша айқын жағдайларды қамтамасыз ететін, «Е-ТК» порталын құру арқылы стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысын автоматтандыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Стандарттаудың негізгі өнімі стандарт және ағымдағы жылғы «интернет-дүкен стандарттары» автоматтандырылған жүйелерді жетілдіру мақсатында ISO стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымда қолданылатын XML форматына көшу де жоспарлануда. Стандарттар қорының деректер базасының 30 000-нан астам стандарттарын (ҚР СТ, ГОСТ) цифрлау болжамдалып отыр.
Өздеріңізге мәлім, бүгінгі күні бірыңғай мемлекеттік нормативтік техникалық құжаттар қорында 70 500 нормативтік құжаттар бар, оның ішінде 7 796 ұлттық стандарт. Стандарттау саласындағы барлық процестерді автоматтандыру кәсіпкерлер мен тұтынушыларға тиісті құжаттардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Ғ. Дұғалов, өнім қауіпсіздігі субъектілерді техникалық реттеу және мемлекеттік бақылау объектілеріне мониторинг жүргізу жолмен қамтамасыз етілетінін айтты. E-ТРМК әртүрлі тізілімдер деректерін салыстыру арқылы объектілерді тұрақты мониторингілеу үшін дәл қажетті екенін атап өткен жөн. Бұл өнімді өндіруден бастап іске асыруға/эксплуатациялауға дейін қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мониторинг туралы ақпарат E-ТРМК-де, оның ішінде кері қайтарылған және алынып тасталған өнімдерде орналастырылады.
Өтінішті тапсырудан бастап нәтижелерді алуға дейінгі барлық процестер электронды форматта жүзеге асырылып, құжаттарды беру мерзімдері қысқартылатын болады.
Заңнаманы тұжырымдамалық түрде өзгертетін негізгі өзгерістердің ішінде мемлекеттік бақылаудың жаңа үлгілеріне көшуін және эталондар мен өлшеу бірліктерінің калибрлеуге көшуін атап өткім келеді.
Осыған байланысты, автоматтандыруға көшу шеңберінде барлық қатысушыларды бірыңғай платформаға біріктіруге мүмкіндік беретін, тексерілетін өлшем құралдарын электронды есепке алу бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу жоспарлануда.
Бұдан басқа, осы жүйенің шеңберінде тексеру зертханаларының өтінімдері бойынша тексеруші клеймдерін онлайн тәртібінде тапсырыс беру жүргізіледі, бұл автоматты түрде өңделеді және тексеруші клеймдерді дайындау үшін өндірушіге жіберіледі.
Сондай-ақ, бұл жүйе тексеру клеймасында белгіленген тексеру туралы сертификаттың түпнұсқалылығын, QR-кодын оқып алу арқылы оны дұрыс қолдану мемлекеттік инспекторларымен айқындауға мүмкіндік береді.
Дерекқор базасы Комитеттің порталында орналастырылады және барлық Интернетті пайдаланушыларға қол жетімді болады.
«Процестерді цифрландыру және автоматтандыру шеңберінде «Өлшем құралдарын слыстырып тексеру туралы деректерді электронды есепке алу» Ақпараттық жүйелерді әзірлеу қарастырылуда. Бұл жүйенің негізгі артықшылығы - процестің барлық қатысушыларын бірыңғай платформаға біріктіру, мемлекеттік бақылау кезінде деректер базасын қолдану және салыстырып тексеру клеймдеріне онлайн режимінде тапсырыс беру, автоматтандырылған өңдеу (арыз берушінің жеке кабинеті арқылы), QR-сode оқып алу арқылы онлайн сертификаттарды қалыптастыру және түпнұсқалылығын тексеру, Call – орталықтарымен толық ақпараттық қолдау. Жаңа жүйе бизнес үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болады. Өздеріңізге мәлім, бүгінгі күні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтардың 101 бірлігі қамтамасыз етілген», - деді Ғ.Дұғалов.
Осылайша, техникалық реттеу және метрология саласындағы процестерді автоматтандыру 2 кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде сол жүйенің өзегін әзірлей отырып, техникалық реттеу тізілімінің бірыңғай өзара байланысты базасын құру ұсынылады.
Екінші кезеңде электронды құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігі бар қатысушылар үшін Оnline жұмыс кабинеттерін құру жоспарлануды, бұл арыз берушінің (жеке куәлік, тіркеу куәлігі, төлем туралы түбіртектің көшірмесі және т.б. сияқты) керексіз құжаттарын/деректерін ұсынуды азайтады.
