ҚАЗАҚСТАН МЕН МАЛАЙЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ ТАУАР АЙНАЛЫМ 33%-ҒА ӨСТІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН МАЛАЙЗИЯ АРАСЫНДАҒЫ ТАУАР АЙНАЛЫМ 33%-ҒА ӨСТІ

Онда тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Арыстан Қабыкенов қазіргі таңда екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын алға тартып, Қазақстан Малайзия нарығына экспорттық өнімдерін жеткізуге мүдделі екенін атап өтті. 

Саид Мохамад Бакри мырза өзінің Қазақстанға іссапармен келу мақсатын елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жақсарту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, деп түсіндірді.

Арыстан Қабыкенов кездесуге келген мейманға алғысын айтып, екі жақ бірлесе күш жұмылдыру арқылы сауда-экономикалық саладағы өзара әлеуетті істердің жүзеге асатынына сенім білдірді.

Айта кету керек, 2017 жылы Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 123,4 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (82,9 млн. доллар) 33%-ға жоғары.