
Атап айтқанда, «Kazakh Invest» «General Electric», «Al Ahli Holding Group», «Al Nowais Investments», «KAAF Investments», «Loukil Group», «Phoenix Global DMCC», «Royal International Group» компаниялар тобымен, «Kanoo Group», «Petromal» сияқты ғаламдық компаниялармен келісөздер жүргізіліп, келісімдерге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, БАӘ Экономика министрлігімен, БАӘ Халықаралық инвесторлар кеңесімен (MUBADALA, DP World, Emaar, Etisalat, Borouge сияқты ірі компаниялар және басқалары мүше болып табылатын), Абу- Даби Экономикалық даму департаменті,«Fujairah Free Zone» СЭА және «Shurooq» Шаржа әмірлігінің Инвестициялар және даму агентттігімен келіссөздер сәтті жүргізілді.
Сондай-ақ, AIM пленарлық сессиясында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін, экономикаға инвестиция тарту саласындағы индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын таныстырды.
Инвестиция тарту саласындағы екі жақты өзара қарым-қатынасты дамыту үшін AIM алаңында «Kazakh Invest» пен «Annual Investment Meeting» арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Кездесу нәтижесінде, трансұлттық компаниялар Қазақстан экономикасының басым салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаларға қызығушылық білдірді.
«Kazakh Invest» БАӘ мен Қазақстан Республикасы бизнес қауымдастықтарының инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды қолдау және іске асыру мәселелері бойынша екі жақты өзара қарым-қатынасты үйлестіруді жоспарлап отыр.
Анықтамалық: Annual Investment Meeting (AIM) әлемдегі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың диалогтық алаңы ретіндегі ең танымал, ірі, жыл сайынғы инвестициялық конференция. Инвестициялық конференция бағдарламасы цифрлау, 4.0 индустрия, инвестиция тарту бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және әлемдік стратегия тұрғысындағы тақырыптардағы бірқатар пленарлық сессияларды қамтиды.


