
Олимпиадаға 115-тен астам оқушы қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатында "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-і басшысының орынбасары Уайс Бектибаев, "ҚР ГМР АТО"-ның бас директорының міндетін атқарушы Жанар Таңсықбаева, Каспий Қоғамдық университетінің деканы Анар Шукманова сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиада 6-7-сынып, 8-9-сынып және 10-11-сынып оқушылары арасында өтті.
Жарыс 3 кезеңге бөлінді:
1-ші кезең тестілеу, бұл кезеңде 2-ші кезеңнің қатысушылары іріктелініп алынды;
2-ші кезең сұрақтарға жазбаша жауаптар, бұл кезеңде 3-ші кезеңнің қатысушылары анықталды;
3-ші кезең сұрақ жауап, бұл кезеңде Олимпиада жеңімпаздары анықталды.
VI Алматы қалалық ашық, теориялық, геологиялық Олимпиадасының жеңімпаздары:
- жоғарғы топ бойынша (10-11 сыныптары)
1 Исаев Удер - №75 Гимназия "Жаңа ғасыр"
2 Семенов Данил - ЖББМ №121
3 Медетбек Нурбек - 147 гимназиясы
- орта топ бойынша (8-9 сыныптары)
1 Жомарт Пакиза - №12 мамандандырылған гимназиясы
2 Раковский Андрей - ЖББМ №121
3 Оразгалиев Акимбек - РФММИ
- кіші топ бойынша (6-7 сыныптары)
1 Кожахметова Эсмина - ЖББМ №3
2 Ерназаров Багдаулет - ЖББМ №2
3 Савченко Ангелина - ЖББМ №121
Жоғарғы топ жеңімпаздарына (11 сынып) Каспий Университетінің ректорлық грантын бірінші проректор Дуйсенгулова Нуржамал Салимгереевна берді.
1-ші орынға 100% төлем 4 жылға
2-ші орынға 50% жеңілдік
3-ші орынға 20% жеңілдік.
Жеңімпаздар «ҚР геология және минералдық ресурстар ақпараттық талдау орталығының» медальдарымен, грамоталарымен, алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, кәсіпорын атынан әділ қазы мүшелеріне алғыс хаттар берілді.









