
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Стандарттау туралы» заң жобасына сәйкес, басты енгізілген жаңалық (СҰО) стандарттау жөніндегі ұлттық органды құру. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган тек өнім өндірушілердің ғана емес, тұтынушылардың да мүддесін көрсететін стандарттар қабылдау үшін үлкен диалог алаңына айналады.
Бұдан бөлек, «ҚазСтИн» РМК базасында алғаш рет техникалық реттеудің қазақстандық жүйесінде органикалық өнім өндірісінің, жылыжай газдарын валидациялау және тексеру процесі бойынша персоналды сертификаттау жөніндегі орган құрылды. Бұл персоналға оның кәсіби құзыреттілігін ресми, бейтарап және тәуелсіз тануға мүмкіндік беретін жалпы әлемде мойындалған салыстырмалы түрдегі жаңа қызмет.
Сонымен қатар, институт стандарттарды қолдануды талдау, жүйелендіру және мониторингілеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2017 жылы 227 стандарт жоюға және 819 стандарт қайта қарауға ұсынылды.
2017 жылы Орталық Азия аймағындағы сауда процедураларын жеңілдету үшін стандарттарды тарату бойынша өңірлік интернет-дүкен іске қосылды. Қатысушылар - Орталық Азия елдері.
Айта кету керек, биыл институт бағдарланған тәуекел тәсілдерді қолданудың тұжырымдамалық және әдістемелік негіздерін әзірлеп, Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау үшін мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) ұйымдастыру кезінде тиісті стандарттар тізіміне енгізілген стандаттарды қолданбаған жағдайда тәуекелдерді талдауда Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалауды нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі ұсынысарды әзірлеуге қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
16 өңірде техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында 3000-нан астам маман, оның ішінде Еуропаның халықаралық дәріскерлерінен білім алды.
Комитет басшылығына Институттың негізгі бағыттары бойынша қызметінің қорытындысын ұсынылды. Институт 398 стандарт әзірледі. Қазіргі таңда 7796 ұлттық стандарт бар. Оның ішінде 5554 стандарт халықаралық талаптармен үйлестірілген. Қазақстан Республикасының аумағында 53 техникалық комитет жұмыс істейді. Сонымен қатар Қазақстан 108 ИСО ТК / ПК-нің мүшесі.
Тыңдалымның нәтижесі бойынша Комитет төрағасы Бірыңғай мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттар қорының жұмысын жақсарту, стандарттау процестерін автоматтандыру, сондай-ақ халықаралық стандарттауды қалыптастыруда ұлттық мүдделерді насихаттау жөніндегі жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.

