
Ол 1988 жылы 19 мамырда Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Халықаралық құқық» мамандығы және Нархоз университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2016 жылға дейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының бас маманынан бастап бөлім бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарған.
2016 жылдың желтоқсанынан 2021 жылға дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту, ТКШ дамыту және ауданды абаттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.