
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Болат Мұқанұлы Наурызалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Болат Мұханұлы 1959 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ политехникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша, 1998 жылы Азаматтық авиация академиясын «Экономист менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Пилот болып бастады, кейін Гурьевтік біріккен авиажасағының командирі болып ауыстырылды. Ұшақ командирі, «Қазақстан әуе жолы» ҰААК Қарағанды Біріккен авиажасағының жасақ командирі болып жұмыс істеді. Содан кейін «Эйр Қазақстан» ЖАҚ ұшуды пайдалану басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2002-2005 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары, 2005-2019 жылдары «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ Бас директоры, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директоры, Астана қаласындағы «Жарықмұнай» ЖШС өкілдігінің директоры, «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры қызметін атқарды.