Төлеубаев Бақытбек ИИДМ Заң департаментінің директоры болып тағайындалды

Төлеубаев Бақытбек ИИДМ Заң департаментінің директоры болып тағайындалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Бақытбек Хабылмажитұлы Төлеубаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Заң департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Бақытбек Хабылмажитұлы 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2003 жылы Экономика-заң колледжін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2007 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Екібастұзкоммунсервис» МКК заңгер-консультанты, кейін бас маманы болып бастаған. 2006-2015 жылдары Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, «Астана Транс Ойл» ЖШС заңгер-консультанты, 2015-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.