Шархан Иран ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып тағайындалды

Шархан Иран ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып тағайындалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Шархан Иран Шарханұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

Иран Шарханұлы 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы жеке құрылымдарда бастаған. 2009-2015 жылдары денсаулық сақтау, Инвестициялар және даму министрліктерінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2015-2016 жылдары ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. 2016-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің әкімшілік жұмыс департаментінің директоры. 2019-2020 жылдары «ҚР СІМ «Дипломатиялық сервисі» ШЖҚ РМК директоры. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.