
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Дана Қажамұратқызы Қасымова ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
Дана Қажамұратқызы 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша, 2018 жылы - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратураны бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының маманы, бас маманы - сот отырысының хатшысы болып жұмыс атқарған. 2005-2008 жылдары жеке секторда жұмыс істеген. 2008 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істей бастады. 2013-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті екіжақты ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, кейін осы басқарманың басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.