ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЭКСПОРТТАЛАТЫН ӨНІМДЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ ЭКСПОРТТАЛАТЫН ӨНІМДЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Кездесудің қатысушылары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев, Қытай Халық Республикасындағы Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының өкілдері, сондай-ақ Техникалық реттеу және метрология комитетінің бағынысты кәсіпорындары «ҚазМетрИн» РМК, «ҚазСтИн» РМК, «ҰАО» ЖШС.

Бүгінгі күні Комитеттің қытайлық тараппен, стандарттау және метрология саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізін алған маңызды құжаттарға қол қойылды.

«Қытай Халық Республикасындағы Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы делегациясының (ҚХР СҚИКББ) Қазақстанға сапары барысында 2016 жылғы 26 мамырда стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жан-жақты стратегиялық әріптестікті орнату үшін маңызды оқиға болды. Меморандумға қол қою «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастығының жоғары форумын өткізу табысты қорытындының бірі болды және қытайлық-қазақстандық қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен ерекше сапасының айқын көрінісі болды», - деді Ғалымжан Дұғалов.

Өз кезегінде, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде белсенділікті арттыру екі елдің кәсіпорындарының экспортқа бағдарланғандығын күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, бағынысты кәсіпорындар деңгейінде де тығыз ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Осылайша, метрология саласында өлшем құралдарын калибрлеуге көшу бойынша консультациялық көмек беру туралы, кедір-бұдыр параметрлерді зерделеу, метрология саласындағы заңнаманы зерделеу үшін тағылымдамадан өту, Қытайдың сәйкестігін растау жөніндегі Органдармен өзара іс-қимыл жасау туарлы мәселе талқыланды.

Стандарттау блогы бойынша органикалық өнімдерді өндіру мен сертификаттау тәжірибесін, сондай-ақ халықаралық стандарттауды дамытуда және ИСО деңгейінде ТК/ПК хатшылығының енгізуде ҚХР-мен тәжірибе алмасуды зерделеуде қызығушылық туды.

Сонымен қатар, тараптар органикалық өнімдердің өзара жемісті саудасы үшін сертификаттау, органикалық өнімдерді стандарттауға қатысты бірегей талаптар бойынша келісілген тәсілдер қажет деп ортақ ұстанымға тоқталды.

Қазақстандық тарап 2017 жылғы қыркүйекте Германиядағы ISO Бас Ассамблеясының 40-шы отырысында Қазақстан альтернативті негізде ISO қызметінің саяси, әкімшілік және қаржылық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын 2018-2020 жылдарға арналған ISO Кеңесіне мүше 20 елдің қатарына сайланғандығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ISO стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге қазақстандық сарапшылардың қатысуын жандандыру бойынша жұмыс жүргізеді. 

ҚХР-ның халықаралық стандарттау саласындағы үлкен үлесін, сондай-ақ ТК/ПК/ISO хатшылықтарын енгізу жөніндегі мол тәжірибесін ескере отырып, қытайлық тарап осы мәселе бойынша ақпарат алмасуға ықпал етуге дайын екендігін білдірді, сонымен қатар тараптар ISO/TК/ПК базасында стандарттарды келісу жөнінде ортақ саясатты әзірлеуге келісті.  

Қазақстандық стандарттау институты Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тұрақты негізде техникалық реттеу және метрология саласындағы өңірлік және халықаралық ұйымдардың дәріскерлерін тарта отырып, халықаралық, өңірлік және мемлекеттік стандарттау мәселелеріне назар аударатын семинарлар мен курстар өткізеді.      

Тараптар халықаралық және өңірлік стандарттау шеңберінде жүргізілетін іс-шараларға экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың дамуына ықпал ететін SAC-пен дәріскерлерді тарта отырып, іс-шараны өткізуге қызығушылық танытты.  

Сәйкестікті бағалау блогы бойынша сертификаттар/декларацияларды мойындау мәселелері қаралды, бұл Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына байланысты, онда қазақстандық өнім экспортының артуы туралы айтылды.   

Қазақстан мен Қытайдың аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарына мүшелігін ескере отырып, аккредиттеу жүйелерінің эквиваленттілігі негізінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды тану мәселесін қарау жоспарлануда.

Кеңес қорытындысы бойынша Тараптар Қытайға өнімді апаруға қойылатын талаптардың және оларға қойылатын талаптардың тізбесімен өзара алмасу жөнінде шешімге келді. Сондай-ақ қытайлық тарап банктік сектор саласындағы стандарттарды, органикалық өнімдерді өндіруді және техникалық реттеу саласында қазақстандық және қытайлық сарапшыларды оқыту бойынша бірлесіп жұмыс жасауды күшейтуді ұсынды.