
Бұл ұсынысты Шахнович Мәскеу қаласында құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларын енгізудің мемлекеттік тұжырымдамасы мәселесі бойынша өткен мәжілісте жасады.
24 сәуір күні РФ Құрылыс министрлігінде министрдің орынбасары Хамит Мавлияровтың төрағалығымен РФ Құрылыс министрлігінің, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің және Беларусь Құрылыс және сәулет министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымдарының қатысуымен мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында республикалардағы ақпараттық модельдеу тұжырымдама мәселелері, баға белгілеу бойынша жіктеу жүйесі, нормативтік реттеу проблемалары, ақпараттық модельдеу технологиялары талқыланды. Кездесу қорытындылары бойынша тараптар баға белгілеуді жіктеу жүйелерін үйлестіру және бұл жүйелерді біріктіру үшін тиімді тәсіл іздеу мәселелерін пысықтау келісілді. Сонымен қатар, "Проектная дирекция Минстроя России" ФАМ, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ және Беларусьтың «РНТЦ по ценообразованию в строительстве» арасында құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізудің ағымдағы жағдайы бойынша тұрақты негізде тәжірибе алмасудың қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Анықтама:
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.
Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.
Фото ашық ақпарат көзінен