ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕҢІЗ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРДАН ДӘРІС АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕҢІЗ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАРДАН ДӘРІС АЛДЫ

Отандық мамандар жыл сайын Халықаралық теңіз әкімшілігінің талаптарына сәйкес оқудан өтеді.

Жоба аясында халықаралық инспекторлар қазақстандық порттарға кіретін шетелдік кемелерді тексеру бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді. Іс-шара барысында порттық бақылау тексерісін жүргізу процедуралары бойынша жаңадан қабылданған IMO резолюциясына сәйкес инспекциялық қызметтің құқықтық аспектілері; машина бөліміне, кеме жүйелеріне және жабдықтарға қойылатын халықаралық IMO конвенциясының талаптары бойынша мәселелер қаралды.

Бұдан бөлек, халықаралық инспекторлар Ақтау портында кемелерді тексеріп, кеменің портқа келер алдында құжаттарын тексеру үшін инспекторлар қолданатын RuleCheck біріктірілген еуропалық жүйенің жұмысы көрсетілді.

Семинар барысында бірқатар қазақстандық кемелер мен Иранның 2 кемесі текесерілді.

Иран кемесінің біреуінде кеме қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, кемедегі құрал-жабдықтарда ақау бары және халықаралық конвенцияларға сәйкес техникалық эксплуатация талаптары мен нормалары сақталмағаны анықталды.

Кемеге қатысты ескертпелердің басым бөлігі сол жерде түзетілді.