АСТАНАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ АРАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ БОЛДЫ

АСТАНАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖАНЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ АРАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ БОЛДЫ

Отырыс барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Кеңестің 30-шы пленарлық отырысында берілген хаттамалық тапсырманың орындалу барысы туралы айтты.

Атап айтқанда, Министр жаңартылатын энергия көздері жобаларын және сирек кездесетін металдарды пайдалана отырып, технологияларды дамыту жобаларын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан инвестиция тарту жұмыстары туралы мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Германия, Франция, АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей, Үндістан және Ұлыбритания сияқты елдердің инвесторлары Қазақстан Республикасында жаңартылған энергия көздерін дамытуға мүдделі.

Анықтама:

1. Күн электр станциясының құрылысы («Burnoye Solar-2» ЖШС, Ұлыбритания), құны - 77,8 млн. АҚШ доллары;

2. Меркі өзенінде шағын гидроэлектр станцияларын салу (Тараз Green Power Power Jenko, Ресей) құны - 31,2 млн. АҚШ доллары;

3. Жел энергия станциясының құрылысы («Wind Energy» ЖШС, Украина), құны - 119,5 млн. АҚШ доллары;

4. Күн электр станциясының құрылысы (Schneider Electric, Германия), құны - 55,3 млн. АҚШ доллар;

5. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы 1,6 млрд. АҚШ доллары болатын 8 жоба жүзеге асырылуда

Сирек металдарды қолдану арқылы технологияларды дамытуға қатысты тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және ҚХР сияқты жетекші елдермен келіссөздер жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 16 жоба пысықталу үстінде: Алматы (қалайы және вольфрам), Ақтөбе (тантал және ниобий), Жамбыл (темір, титан және қалайы), Қызылорда (ванадий), Қарағанды (молибден) Ақмола, Шығыс Қазақстан (литий, тантал), Батыс Қазақстан облыстары (бор, бром, магний және калий тұздары).

Отырыста сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық Кеңесі» қауымдастығы басқармасының төрағасы А.Приманис, Инвестициялық саясатты жүзеге асыру бойынша Кеңестің бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы Е.Досымбеков, «Қазақстанның жаппай барлау және өндіру» компаниясының басқарушы директоры П.Брейн, «КНАУФ» компаниясының өкілі Д. Пропп және тағы басқалар сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесі Мемлекет басшысының Жарлығымен 1998 жылы құрылды. Кеңес құрамына 30-дан астам шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Фото ақпарат көзінен