
Бұдан өзге, ҰАО-ның аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүшелігі саудадағы техникалық кедергілерді төмендетеді және отандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл отандық өнімді экспорттауға көмек көрсету тетігінің бірі.
Инвестициялар және даму министрлігі мен Технкиалық реттеу және метрология комитетінің жемісті жұмысының нәтижесінде Ұлттық аккредиттеу орталығы 2010 жылы ILAC-тың толық құқылы мүшесі, ILAC MRA-ның қол қоюшысы болды. Ал 2013 жылы IAF-тың толық құқылы мүшесі және IAF MLA келісімінің қол қоюшысы болды.
Бүгінгі күні 199 зертхана ILAC MRA Зертханалық Бірлескен Белгісі шартына қол қойып, оны пайдалану құқығын алды.
199 зертханаға, яғни ҚР-ның заңды тұлғаларына 132264 сынақ хаттамаларын берді, оның ішінде 2678 сынақ хаттамасы ҚР-нан тыс жерлерге берілді.
Сонымен қатар, сынақ хаттамалары негізінен балық және балық өнімдеріне, ет және ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, сүт және сүт өнімдеріне, ара балына, ұн өнімдеріне (жем-шөп, арпасы, жем-шөп бидайы, бидай жармасы), жүгері, күнбағыс, ұн, күнбағыс күнжарасы, соя күнжарасы, рапс күнжарасы, қой жүні, тұқымдық ІҚМ, тері, ІҚМ терісіне берілді, сондай-ақ табиғи су, минералды емдік асхана суына берілді. Өнім Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай, Жапония, Иран, Сербия, Испания, Ресей, Белоруссия, Әзірбайжан, Грузия, Польша елдеріне экспортқа шығарылды.
IAF MLA бірлескен белгісі бар сәйкестік сертификаты негізінен көмір, лак, сыр өнімдеріне, рапс күнжарасы, соя күнжарасы консервідегі балыққа беріліп, Финляндия, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясына экспортталды.
ҚР ИДМ ТРМК ҰАО бас директорынын бiрiншi орынбасары аккредиттеу жөніндегі органымен аккредиттеудің жаңа бағыттарын игеру және халықаралық аренада ҰАО-н тану саласын кеңейту бойынша жүргізілген белсенді жұмыс пен аккредиттеу саласындағы үрдістерді автоматтандыру жөніндегі жасалған жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінгі күні Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу үрдісін автоматтандыру іс-шараларын жоспарлап отыр.
Қазіргі кезде өтініш берушіге жеке кабинет ашу мүмкіндігі бар жаңа сайт әзірленді, 1С базасында құжат айналымын енгізу жалғасуда.
2018 жылғы 1 маусымға қарай аккредиттеуге ЭСҚ қойылған құжаттардың электрондық жинағын енгізу жоспарланып отыр, аккредиттеу саласының нысанына өзгерістер енгізілетін болады және аккредиттеу үрдісін автоматтандыруды аяқтауды 2018 жылдың 1 желтоқсанына жоспарлап отыр.
Осының нәтижесінде аккредиттеу үрдісінің схемасы ұсынылып отыр. Оның аясында өтінім 3 жұмыс күні ішінде (топ жасау, ресурстарды талдау, жинақтылық, калькуляция, аккредиттеу шартының тұжырымы) қаралады, сараптама жасау уақыты 15 жұмыс күніне дейін (аккредиттеу материалдарын сараптау, сәйкессіздіктерді жою(болған жағдайда), орнында бағалау 5-10 жұмыс күніне дейін ( орналасқан жері бойынша тексеру, сәйкессіздікті жою (болған жағдайда), аккредиттеу туралы шешім қабылдау 19 жұмыс күніне дейін (аккредиттеу жөніндегі комиссия және аккредиттеу туралы шешім қабылдау, аккредиттеу аттестатын беру және субъектілер тізіліміне енгізу).
Аккредиттеу саласындағы үрдістерді автоматтандыру нәтижесінде аккредиттеу жұмысын жұргізудің жалпы мерзімін қысқарту қазіргі кездегі 162 күннен 67 жұмыс күнне дейін қысқаратын болады.
Қабылданған шаралар аккредиттеу саласындағы үрдістерді автоматтандыруды қамтамасыз етуге, аккредиттеу рәсімдерін жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге, қағаздағы материалдардарды қарауды және пошта қызметтері шығындарын жоюға, аккредиттеу субъектілерінің көбеюіне ықпал етуге және экспортты аккредиттеу қызметтеріне қол жеткізеді.