
2018 жылы Дүниежүзілік аккредиттеу күні қоғамның барлық салаларының, оның ішінде қауіпсіз жұмыс орындарының, өнімдердің, көліктің, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған.
Статистика көп дүниенің шындыққа сай келмейтінін көрсетеді. Жұмыс орнындағы, күнделікті өмірдегі, саяхат кезіндегі және өмірдің әр саласындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысатын үкімет үшін, реттеуші органдар мен кәсіпорындар үшін бұл олқылықтарды жою өте маңызды.
Стандарттар, сәйкестікті бағалау және аккредитация – қауіпсіз өмірді қамтамасыз етуде қолданылатын жалпыға танылған инструмент болып табылады. Осы инструменттерді қолдану мысалдары: Дубайда сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органмен сертификатталған құтқарушылар; Ұлыбританияда асбестке сынақты аккредиттелген зертханаларда жүргізеді; Жаңа Зеландияда экстрмальді туризмді сертификаттайды; Чех Республикасында Сертификаттаудың аккредиттелген органдарында ІТ мамандарын сертификаттайды; Нидерландыда инспекцияның аккредиттелген органдары лифтке инспекция жүргізеді.
Отырысты ашқан Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры Мақсұт Өмірханов аккредиттеудің еңбек пен денсаулық сақтау қауіпсіздігін, тамақ қауіпсіздігін, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңыздылығын атап өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры Әсемгүл Молдажанова баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева технкиалық регламенттерді іске асыруда мемлекеттік органардың қауіпсіздік пен міндеттерді қамтамасыз етуіндегі аккредиттеудің рөлі мен маңызын атап өтті.
Форумның сыйлы қонағы Словакия Республикасының экс-елшісі Душан Подгорски «Тамақ өнеркәсібін қамтамасыз ету, Еуропалық тәжірибе» тақырыбына баяндама жасады. Өз баяндамасында Подгорски мырза Еуропада тамақ өнеркәсібін аккредиттеу мен сертификаттауға баса көңіл бөлінетінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол Еуропада бүгінгі күні жануар өнімдерінен дайындалатын азық-түлік өнімдері арқылы таралатын түрлі аурулар мен эпидемиялар қаупі туралы айтты.
Форум қорытынысы бойынша Қарар қабылданды. Бұл Қарар бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығына ЕЭО-тың технкиалық регламенттерін әзірлеуге белсенді қатысу, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына аккредиттеу рәсімдерін жеңілдету, автоматтандыру бойынша бастаған жұыстарын жалғастыру, аккредиттеу үрдістерін жетілдіру және қағидаттарын енгізу, сондай-ақ GLP халықаралық стандарттарына сәйкестігіне аккредиттеу қажеттігі туралы мемлекеттік органдар мен қоғамды ақпараттандыру жұмысын белсендіру, Техникалық регламенттер талаптарына сай келмейтін өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жібермеу, аккредиттеудің жаңа бағыттарын игеру және халықаралық стандарттарды ілгерілету бөлігіне өзгерістер енгізу қажет.
