«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» МЕН «ҚАЗАҚМЫС» БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРДЫ

«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» МЕН «ҚАЗАҚМЫС» БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРДЫ

Учаскенің алаңы 321,4 ш. км. құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі 1,5 млрд. теңге. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру «Қазақмыс» компаниясының есебінен жүргізіледі.

Жезқазған алаңында «Қазақмыс» компаниясының Қ.Сәтбаев атындағы  №3 кен байыту фабрикасы орналасқан. Ол қазіргі уақытта тоқтап тұр. Кеңес дәуірінде бұл фабрикада Дүйсембай кен орнының қорғасын-мырыш кендерінің байытылуына технологиялық зерттеулер жүргізілген еді. Нәтижесінде бұл кендерді қайта өңдеуге болатыны белгілі болды.

Қ.Сәтбаев атындағы  №3 кен байыту фабрикасының жұмысын жаңғырту өңірдің әлеуметік-экономикалық дамуына және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.