ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАННАН БЕРІ КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕ 140 АҚАУ ТІРКЕЛГЕН

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАННАН БЕРІ КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕ 140 АҚАУ ТІРКЕЛГЕН

Министрлік жылыту маусымының өту барысына, автономдық қазандықтардың, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жұмысындағы технологиялық ақаулар бөлігіне мониторинг жүргізді.

«Жылу беру маусымы басталғаннан бері коммуналдық жүйелерде 140 ақау тіркелген. олар:

- жылумен жабдықтау желілерінде – 30 (Ақмола – 2, ШҚО – 2, Қарағанды - 9, СҚО – 5, Павлодар – 6, ОҚО – 1, Алматы қаласы – 5);

- сумен жабдықтау және су бұру желілерінде – 110 (Ақмола – 2, Ақтөбе – 2, Алматы – 2, Атырау – 2, ШҚО – 8, БҚО – 2, Қарағанды – 7, Қостанай – 3, Павлодар – 6, СҚО – 1, Астана қаласы – 69, Алматы қаласы - 6). Бұл ретте, әкімдіктер технологиялық ақауларды қысқа мерзімде қалпына келтірді»,-деп атап өтті министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, ақаулардың көбі негізінен сумен жабдықтау және су бұру желілерінде орын алған. Олардың саны – 110. 

Айта кететеін бір жайт,  өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда технологиялық ақаулар 63 оқиғаға төмендеген (2017 ж. - 203 (қазандықтарда  – 7, жылумен жабдықтау желілерінде – 37, сумен жабдықтау және су бұру желілерінде – 159).

Фото ашық ақпарат көзінен