«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Жеке қабылдауға Алматы, Астана қалаларынан, Қарағанды облысынан тоғыз азамат жазылған. Негізінен қабылдауға жазылған азаматтар Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» бірінші бастамасы аясында енгізілетін өзгерістер бойынша ұсыныстар, жолаушылар көлігі саласын цифрлеу туралы жоба түріндегі инновациялық ұсыныстар, елімізге инвестиция тарту және басқа да сұрақтар көтерді.

Барлық сұрақтар бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктеме берілді. Азаматтардың мәселелері бойынша жазбаша өтініштер қабылданып, министрліктің салалық комитеттеріне тапсырмалар берілді.