
Ақмола облысының Талапкер, Қосшы ауылдарында, Ақтөбе облысының Жайсан ауылында және Жамбыл облысының Мерке ауылында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарына талдау жасалды. Жоғарыда көрсетілген мерзімде автоматтандырылған жүйелердің көмегімен автокөлік құралдары тарапынан жасалған 262 заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, автокөліктерден жиналған қаржы 18,5 млн. теңгені құрап, 9,6 млн. теңге айыппұл салынды.
