АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ

АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Семинарға Қазақстан Республикасының Метрологтар кеңесінің, метрологиялық қызметтерінің, отандық өндірушілердің және техникалық жоғары оқу орындарының мүшелері қатысты. 

2018 жылғы Дүниежүзілік метрология күнінің ұраны – «Халықаралық бірліктер жүйесінің үздіксіз дамуы». Бұл тақырып SI жүйесіне көптеген маңызды өзгерістер енгізілуіне байланысты таңдалды,  олардың әрқайсысы физика заңымен байланысты бірқатар анықтамаларға негізделетін болады.

Бұдан бөлек, семинарда «2018 жылдың Үздік жас метрологы» байқауының жеңімпаздары жарияланды.

1-орынды «Мұнаймаш» АҚ стандарттау жөніндегі инженері Елена Нетесова, 2-орынды «ҚазМетрИн»РМК ШҚФ 2-санатты сарапшысы Виктор Белялёв, 3-орынды «Волковгеология» «Геотехноцентр» АҚ филиалының инновация және ҒИҚ бөлімінің менеджері Мейірбек Мұсатаев иеленді.

«Жылдың үздік жас метрологы» байқауын Техникалық реттеу және метрология комитеті жас метрологтарды қолдау, марапаттау және метрология саласында білікті кадрларды дайындау  мақсатында бекіткен. Биыл байқау қаңтар айында жарияланды. Комиссия конкурсқа қатысушыларды 9 критерий бойынша бағалады. Олардың қатарында өзектілігі, ғылыми жаңалық, түпнұсқалық, практикалық маңыздылығы, ғылыми тәсіл және негізділігі, зерттеулердің сабақтастығы, автордың жеке үлесі, ресімдеу сапасы, ұсыну сапасы сияқты критерилер бар.

Жеңімпаз Қазақстанды ұлттық метрологиялық мекемелердің Еуро-азиялық ынтымақтастығының өңірлік ұлттық метрологиялық ұйымдары өткізетін «КООМЕТ үздік жас метрологы» байқауында таныту мүмкіндігін алады.

Дүниежүзілік метрология күнін халықаралық қоғамдастық 20 мамырда «Метрлік конвенцияға» қол қойылған күнді мерекелеуге байланысты атап өтеді.

Метрлік конвенция халықаралық құжат. Оған 1875 жылы 20 мамырда Париж қаласында өткен халықаралық дипломатиялық конференцияда 17 ел үкіметінің уәкілетті өкілдері қол қойған. Қазақстан 2006 жылдан бастап метрлік конвенцияның мүшесі. Дүниежүзілік метрология күнін, қоғамның кең ауқымды назарын өміріміздің барлық салаларында маңызды рөлге ие болған метрологияға тарту  мақсатында Халықаралық метрологиялық ұйымдар құрды. Жыл сайын Халықаралық метрологиялық ұйымдар Дүниежүзілік метрология күнін тойлау тақырыбы мен ұранын жариялайды, сонымен, осы жылдар ішінде инновацияға арналған өлшемдер, спорттағы, медицина мен саудадағы, қоршаған орта жағдайын бақылаудағы және химиялық өнеркәсіптегі, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және күнделікті өмірдегі өлшемдердің рөлі, өлшем және ғаламдық энергетикалық мәселе сияқты тақырыптар қамтылды.