
ҮАААЖ құрылысы 2018 жылы тәулік сайын шамамен 200 мың көлік құралы кіретін Алматы қаласының көше-жол желісіне көлік жүктемесін азайту үшін басталды.
ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Жол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумағы арқылы өтеді, Алматы қаласынан шығатын 7 негізгі жолды: Ұзынағаш, Бішкек, Нұр-Сұлтан, Комсомол, Қапшағай, сондай-ақ, Құлжа мен Талғар трактілерін кесіп өтеді. Жоба аясында 7 көлік айырығын салу көзделген. ҮАААЖ бойында 1 шақырым радиуста 57-ге жуық елдімекен мен бау-бақша серіктестіктері орналасқан.
Алматы және Алматы облысының әкімдіктері 6 радиалды жолды (Абай, Рысқұлов, Ақын Сара, Сайын, Тілендиев, Солтүстік жарты айналма жол) іске асыруда, бұл Алматы қаласынан ҮАААЖ-ға шығуды қамтамасыз етеді.
Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту 1, 2 және Бейбітшілік ауылдарының тұрғындары жолды бір деңгейде қалдыруға ниет білдірді. ҮАААЖ алты жолақты қозғалысы бар жоғары жылдамдықты күре жол болып табылатынын ескере отырып, "Автомобиль жолдары" ҚНжЕ 3.03-09-2006ж. сәйкес бір деңгейде қиылыстар орнатуға жол берілмейді. Осы орайда ағымдағы жылдың 19 тамызында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Е.Толқынов және "Аларко – Макйол – СК" мердігерлік ұйымының өкілдері Бейбітшілік және Қызыл-Ту ауылдарының тұрғындары үшін жергілікті жол жүруді қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бейбітшілік кентінің тұрғындарына Байсерке-Агро агрофирмасының аумағы бойынша Қызыл-Ту 2 ауылына дейін ұзындығы 2 шақырым (құны – 177 млн.тг) болатын жергілікті өтпежол құрылысының нұсқасы ұсынылды. Кейін ҮАААЖ арқылы қиылысу ҮАААЖ жолының астында салынған екі жолақты қозғалысы бар тоннель арқылы жүзеге асырылады (габариттері: ені 12,4 м х биіктігі 5,5 м). Онда көше жарығымен қамтамасыз етілген жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар болмақ.
Болашақта ұзындығы 4 шақырым болатын ұсынылған бағыт бойынша көлік құралдары ҮАААЖ-ға Құлжа трактіндегі көлік айырығы арқылы шыға алады.
Қашықтық шамамен 6 шақырымды құрайтын болады
