
«ATTIVA OY» ғимараттарға арналған энергия үнемдейтін үшінші буын технологиясын дамытуға маманданған алдыңғы қатарлы фин компаниясы. Тараптар Қазақстандағы ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін компанияның тәжірибесін, инновацияларын, білімдерін қолдануды жоспарлап отыр және энергия тиімді аудандар мен әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар, балабақшалар және т.б.) үшін тұжырымдар әзірлейді. Құрылған жұмыс тобы іс-қимылдарды үйлестіріп, кездескен мәселелерді шешеді.
Белгілі болғандай, энергиямен қамтамасыз ету деңгейін сақтау кезінде энергия ысырабын азайту энергиялық тиімді технологияларды қолданудың мақсаты болып табылады. Мұндай технологиялар коммуналдық төлемдерді азайтып, табиғи ресрустарды үнемдеуді қамтамасыз етеді.
«Біз интеллектуалдық ЗД-модельдеуді пайдалануға негізделген BIM-технологияларды дамыту жөніндегі басқа да финдік компаниялармен бірге жұмыс істейміз. Енді ғимараттардың энергия тиімділігі саласында жаңа серіктестік жасап жатқанымызға қуаныштымыз. Жақында Финляндияға жасаған сапар барысында біз компанияның ескі көппәтерлі тұрғын үйлер мен жаңа энергия тиімді үй-жайлар жобаларымен таныстық. Біз ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықта боламыз деп үміттенеміз», - деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Өмербаев.
Өз кезегінде, «ATTIVA OY» компаниясының басқарма төрағасы Ари-Пекка Карппо Қазақстанға қатысты компанияның ауқымды жоспарлары бар деді.
«Біз осында өз өкілдігімізді ашқымыз келеді әрі энергия тиімділігі мен қалдықтарды ауаға тастау деңгейі ең төмен технологиямызбен ірі әлеуетті өнім беруші болғымыз келеді. Қазіргі кезде жетекші құрылыс компаниялары және энергияның өнім берушілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – энергия тұтынуды және қолданыстағы ғимараттардың да, жаңа құрылыстардың да тұрмыстық шығындарын азайту. Біз қазақстандық әріптестерден қолдау тапқанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті Ари-Пекка Карппо.
«ТКШ ҚазОрталығы» Фин делегациясы үшін қазіргі заманғы жылу оқшаулағыш материалдарын, суды тазарту үшін адсорбенттерді, реттелетін LED шамдарын, желдету жүйелеріне арналған турбо-дефлекторларды және басқа да энергия үнемдейтін технологиялар көрмесіне баруды ұйымдастырды. Қонақтар сондай-ақ компанияның жылудың энергияны тұтынуы стандартты үлгідегі ғимараттармен салыстырғанда 30%-дан аспайтын деңгейде қолданатын Энергия тиімділік орталығымен танысты. Мұндай үнемдеуге қабырғалардың тиімді жылу оқшаулауынан және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Сонымен бірге, «ТКШ ҚазОрталығы» қонақтарға өзінің энергия тиімділік және тұрғын үй-комманулдық жаңа ресурсты үнемдеу технологияларын ұсынды.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
«ATTIVA OY»Компаниясы – ғимараттарға арналған энергия тиімділігі, сондай-ақ қалдықтарды тастау деңгейі төмен технологияларды қолдана отырып, энергияны өндіру бойынша инновациялық шешімдер бойынша әлемдегі жетекші Финтехнологиялық компаниясы.

