ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Шара барысында ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгені, және онда Мемлекеттік Елтаңбаның түсіне қойылатын жаңа талаптар қарастырылғаны, түсі мен мөлшерінің дәлдік шегі енгізілгені, стандартталған бақылау (сынау) әдістердің енгізілгені, сонымен қатар ғимарат ішінде орнатылатын Мемлекеттік Елтаңбалардың 3 жылдан кем емес пайдаланудың кепілдік мерзімі қарастырылғаны айтылды,

Сондай-ақ Департамент қызметкері Ғалым Мұқыжанов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғандарға қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жайлы тоқталып өтті.

Айта кетсек, Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындағаны үшін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексімен 25-тен 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар қарастырылған.

Жиын соңында, қызу пікір алмасулар болып, қатысушылармен қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.