
Брифинг тақырыбы «Қазақстанда 2018 жылғы ӨСАБ бойынша валидация нәтижелері, прогресс». 2017 жылғы кезекті валидация қорытындысы бойынша Қазақстан Өндіруші салалар ашықтығының бастамасында елеулі прогресске қол жеткізді. Сондай-ақ, валидация Ережелері бойынша, ӨСАБ Халықаралық Басқармасымен ӨСАБ стандартына сай болу үшін және барлық кемшіліктерді жою үшін 18 ай берілді (13 тамыз 2019 жыл). Ондағы негізгілер келісім-шарттар және бенефициарлар ашу. Осы талаптар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексте тиісті нормалармен бекітілген.
ӨСАБ пайдалана басталғаннан кейінгі мерзімде бас-аяғы 12 Ұлттық Есеп жарияланған. Оның ішіне салық төлемдері мен түсімдерінің салықтық салыстыруымен бірге әлеуметтік инвестицияларды салыстыру енгізілді. Ұлттық есептер ӨСАБ-ның ұлттық веб-сайтында жарияланып, таратылады, оның ішінде қолжетімді инфографика форматындағы есептердің нұсқалары бар.
ӨСАБ 51 мемлекетте іске асырылады. ӨСАБ мүшелерінің жартысы дерлік Африка елдері (23 мүше), Латын Америка және Кариб бассейінен 7 ел, Оңтүстік-Шығыс Азиядан 7 ел, Европадан 5 ел. Қалған елдер Орталық Азия мен Таяу Шығыс өңірлерінен шыққан.
Валидациядан өту нәтижелері бойынша "елеулі прогресс" мәртебесін Қазақстан Республикасын қосқанда 14 ел алды.
Ең жоғары "қанағаттанарлық прогресс" мәртебесіне 3 ел ие - Филлипин, Моңғолия және Шығыс Тимор. Бұлар Үкімет пен жер қойнауын пайдаланушылардың арасында жасалған келісімшарттар мазмұнын ашатын мемлекеттер.
Тұтастай алғанда, дамыған елдердің арасында Германия (2016 жылдан бастап), Ұлыбритания (2014 жылдан бастап), Норвегия (2007 жылдан бастап) ӨСАБ-ты іске асырады. Австралия мен Франция ӨСАБ-ты жүзеге асыру ниетін жариялады.



