ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАЗ БОЙЫ БАҚЫЛАНАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАЗ БОЙЫ БАҚЫЛАНАДЫ

Іс-шара барысында шағын көлемді кемелердің тіркелуі, құтқару құралдарының болуы мен экипаж мүшелерінің құзыреті тексеріледі.

Тексерістермен қатар Комитеттің аймақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелер тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Оларға шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін заңнама талаптары түсіндіріледі.

2017 жылы өткізілген шараның қорытындылары бойынша Комитет қызметкерлері 5,6 мың шағын көлемді кемелерді тексерген. Нәтижесінде 744 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Солардың ішінде кемені жеке құтқару құралдарынсыз басқару және кеме құжаттарының болмауы сияқты заң бұзушылықтар жиі кездескен.